
Түркістан облысы Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің №16 қаулысына сәйкес, жұмыс істейтін азаматтар (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) 2021 жылғы 10 тамызға дейінгі мерзімде COVID-19-ға қарсы вакцинаның бірінші компонентімен, ал 2021 жылғы 1 қыркүйекке дейінгі мерзімде вакцинаның екінші компонентімен профилактикалық егу жұмыстарын жасату сұралады.
Ал, COVID-19-ға қарсы вакцинация алмаған жұмыс істейтін азаматтар (тұрақты медициналық қарсы көрсетілімдері бар және соңғы 3 ай ішінде COVID-19-бен ауырып жазылған адамдарды қоспағанда) көзбе-көз режимде жұмысқа жіберуі шектеледі. Сонымен қатар, «Ashyq» жобасына қатысатын және қатыспайтын әлеуметтік-экономикалық обьектілердің қызметі белгілі уақытқа дейін шектеледі. Атап айтқанда, мейрамхана, дәмхана, кофехана типі бойынша толымдығы 50% аспайтын «Ashyq» жобасына қатысатындар 07:00-00:00-ге дейін, қатыспайтындар 07:00-18:00-ге дейін жұмыс істейді. Жазғы алаңдар толымдылығы 50%-дан аспай «Ashyq» жобасына қатысатындары 09:00 ден 00:00-ге, қатыспайтындар 09:00-18:00-ге дейін жұмыс істейді. Сауна, спа-орталықтары, спорт кешендері, бассейн, спорт-сауықтыру кешендері сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады. Көлік тасымалдары бойынша облысаралық және қала аралық тұрақты емес (туристтік) тасымалдау қызметі 75% толымдылығымен, 15 адамнан аспай жұмыс істеп, сенбі-жексенбі жұмысын тоқтатады. Караоке 50% толымдылықпен 30 адамнан аспай, жұмыс уақыты 7:00-00:00-ге дейін, істейді. Сенбі-жексенбі жұмысы тоқтатылады. Марафондар (ашық ауада) 30% толымдылықпен, спорттық іс-шаралар 20% артық емес ұйымдастырылады. Алаңы 500-1000 шаршы метрге дейін балалар ойын-сауық орталықтары кемінде 10 ш.м қашықтықта 30 адамнан аспай жұмыс істейді. Сенбі-жексенбі жұмысы тоқтатылады. Аталған қаулы 2021 жылдың 22 шілдесі сағат 00.00-ден бастап күшіне енеді.
«ANYQ.KZ» — ақпарат
434317 750607Some really useful data in there. Why not hold some sort of contest for your readers? 447312
894129 475628Giving you the most effective News is very considerably imptortant to us. 545778
273828 638693one of the best system I know, thank you really significantly . 820372