Сайрам: Аудан басшысы төрағалығымен лездемелік мәжіліс өтті

Сайрам ауданы әкімі Ұласбек Сәдібекұлы төрағалық еткен лездемелік мәжіліске ауыл округі әкімдері, дербес бөлім басшылары, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Е.Түктібайдың, аудандық аурухананың бас дәрігерлері қатысты.


Коронавирустық инфекцияға қарсы егуге ауданның емдеу-сауықтыру мекемелерінде егу жүргізілуде, екі компонент егу алғандар контингенттер бойынша: 4246-медицина қызметкерлері, 5173 -диспансерлік есепте тұратын адамдар, 6587-оқытушылар және мектеп жұмысшылары, 2135-студенттер, участкелік полиция қызметкерлері 138, мемлекеттік қызметкер-940, басқалар-29747. Аудан бойынша 10 егу пункттері ұйымдастырылды. Вакцина сақтауға 1 мұздатқыш қоймада бар. КВИ вакцинасын сақтау үшін минус 18 градустан төмен салқындататын арнайы 5 мұздатқыштар және 8 термоконтейнерлер алынды. 10 егу бригадалары құрылды, жалпы 30 дәрігер, 60 орта медициналық қызметкерлерді жұмылдырылды. Сайрам аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына Полиция басқармасынан келіп түскен 34 баянат ҚР ӘҚБтКодексінің 62 бабы, 1 тармағы негізінде қысқартырылды. ҚР ӘҚБтК-нің 786 1 тарау 8 тармағынегізінде мәжбүрлеп келтіруге 7 баянатқа хат жолданған, 16 баянат қаралуда, — деді «COVID-19» инфекциясы мен эпидемиологиялық жағдай туралы баяндамасында аудандық СЭС басшысы Е.Түктібай.

Жалынып ешкімді жұмыс істетпейміз ғой. Әкім болдыңдар болған соң қазақта мына сөз бар «БЕЛГЕ БАЙЛАҒАННАН КЕЙІН АЛЫП ЖҮРУ КЕРЕК ШОҚПАРДЫ «. Бір емес, екі есе, төрт есе жұмыс істеуіміз керек. Қазіргі уақыт тек уақытылы жұмысты қажет етеді. Ертең бітерем деп жұмысты біріңізге бірі ысырып отыруға болмайды. Сақтық-ел саулығы үшін күрес. Коронавирустық инфекцияның таралуына қарсы іс-қимыл аясында қауіпсіздік шараларының сақталуына байланысты жұмыстарыңыз күнделікті атқарылуы тиіс, Өкінішке қарай әлі күнге бірде – бір тапсырма орындалмады, — деп аудан басшысы ауылдық округ әкімдерін сынға алды.

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.