Түркістан облысы, Бәйдібек ауданында алтын құрсақты анаға «Алтын» алқа төсбелгісі табыс етілді. Бұл туралы Бәйдібек ауданы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды.
Бүгін аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Бағдатбек Жанғазиев ауданымыздағы алтын құрсақты ана Гүлзира Қойшыбаеваны қабылдап, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Жарлығына сәйкес, «Алтын» алқа төсбелгісін табыс етіп, құттықтау тілегін білдірді.
Еліміздің халық саны мен ел демографиясына үлес қосып отырған 38 жастағы ақ жаулықты ана Гүлзира Қалданбекқызы Бәйдібек ауданы Жаңаталап елді мекенінің тұрғыны. Аталған елді мекендегі бастауыш сыныбының мұғалімі. Жолдасы екеуі 6 қыз 1 ұл тәрбиелеп отырған отбасы. Тұңғышы биыл мектепті бітіріп, Алматы қаласындағы жоғары оқу орнына грант негізде оқуға түскен.
Жалпы Бәйдібек ауданында мыңға жуық «Алтын» алқа иегері мен 1300-ден аса «Күміс» алқа алған аналар тұрады. Алтын алқаның ішінде батыр аналар – 173.
«ANYQ.KZ» — ақпарат