Кентау: Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары оқулықпен толық қамтылатын болады

Кентау қаласы әкімі Дәурен Махажановтың төрағалығымен аппараттық жиын өтті.


Кезекті аппараттық жиынның күн тәртібінде алғашқы болып қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Б.Жұмабаев жаңа оқу жылына дайындық барысы жайында баяндады.

Жалпы Кентау қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты 23 жалпы орта мектеп, 33 мектепке дейінгі ұйымдар және 4 мектептен тыс мекеме қызмет атқарады.

2021-2022 жаңа оқу жылында бөлімге қарасты мектептердің 1 сыныптарына 2070 бала келеді деп күтілуде. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 102 балаға артық. Жалпы мектепке қабылдау жұмыстары толық автоматтандырылған, яғни mektep.sitcen.kz порталы арқылы жүргізіледі.

Жалпы жаңартылатын оқулықтардың саны 237447 дана болса, оқулықтарды сатып алу үшін облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасынан 496 млн 793 мың теңге және оқулықтарды тасымалдау үшін 1 млн 458 мың теңге қаржы бөлінген.

Жаңа оқу жылында білім беру ұйымдары оқулықпен толық қамтылатын болады.

Қалалық емхананың бас дәрігері орынбасары Б.Нұрланқызы қала тұрғындарының екпе алу бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс барысын баяндады. Кентау қалалық санитарлық-эпидемиологиялық басқарма басшысы Ғ.Егембердиева індет жұқтырушылардың саны әлі де өсіп тұрғанын мәлімдеді.

Қала әкімі Д.Махажанов қаладағы карантин талаптарын күшейту қажеттігін атап, мобильді топ мүшелеріне бірқатар тапсырмалар берді. 

 «ANYQ.KZ» — ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.