Шымкентте биыл 2500-ге жуық пәтер пайдалануға беріледі

Ағымдағы жылы құрылыс басқармасы тарапынан «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 4 832 пәтерлі 79 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысын жүргізу жоспарланған.


Оның ішінде:

  • кредиттік 53 үй (3 176 пәтер);
  • арендалық 26 үй (1 656 пәтер).

Биыл 2 432 пәтерлі 39 үй пайдалануға беріледі:

  • кредиттік 33 үй (2 096 пәтер, 122 мың м2);
  • арендалық 6 үй (336 пәтер, 19 мың м2).

Тұрғын үй құрылысы Тұран шағын ауданы мен Әкімшілік-іскерлік орталығында жүргізілуде.

Бүгінге дейін 33 кредиттік үйдің 13-і пайдалануға тапсырылды. Ал қалған 20 тұрғын үйдің (1256 пәтер) құрылысы жыл қорытындысымен аяқталу жоспарланған.

Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталығындағы 6 арендалық үй (336 пәтер) осы жылдың 15 желтоқсанында пайдалануға тапсырылады.

Айта кетейік, осы жылы 4 мектептің (1920 орын) құрылысы аяқталып, пайдалануға берілді.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.