Қазақстандық студенттер халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды

Қазақстандық студенттері электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпаздары атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.


Назарбаев Университетінің студенттерінен құралған топ химия және химиялық технология бойынша XI Бірімжанов атындағы халықаралық конгресс аясында ұйымдастырылған электрохимиялық материалтану бойынша халықаралық олимпиаданың жеңімпазы атанды. Олимпиадв 18 қараша күні Алматыда өтті. Оған Израиль, Франция, Ресей және Қазақстан командалары қатысты

«Иондар» деп аталатын НУ тобының құрамында магистратура студенттері Әсел Серікқазиева, Еркежан Еркінбекова, Ақтілек Ахметова және PhD студенті Нұрбол Толғанбек болды.

«Біздің топ жарысқа бірнеше күн қалғанда құрылды, алғаш рет бірге жұмыс жасадық. Университетімізде және аккумуляторлар тобында олимпиадаға қажет барлық химиялық заттар мен құрал-жабдықтар болғандықтан, қиындық көрген жоқпыз және оны бағалаймыз», — деді Нұрбол Толғанбек.

Олимпиада барысында төрт сағаттық онлайн телекөпір өтті және сол уақыт аралығында студенттер электрохимия және материалтану бойынша үш тәжірибелік жұмысты шешіп, жақсы нәтиже көрсетті.

«Олимпиада есептерін шешудің ең қолайлы әдістерін жылдам таңдау керек болды, сондықтан негізгі міндет электрохимия және материалтану бойынша алған барлық білімдерімізді сұрыптау болды. Уақыт шектеулі болған кезде, бұл біршама кұрделі екен.. Дегенмен, жеңіске ұмтылған төрт адам тапсырмаларды тиімді ұйымдастырып, тарата алатынына көзіміз жетті», — деп бөлісті Ақтілек Ахметова.

«ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.