Арыс: Аттестаттау басталды

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты жалпы орта білім беретін мектептердің 9, 11 сыныпты бітірушілері ағымдағы жылдың 27 мамыр — 10 маусым аралығында қорытынды аттестаттаудан өтеді.
Айта кетер болсақ , биыл 2021-2022 оқу жылында бөлімге қарасты 26 жалпы орта білім беретін мектептердің 11 сынып бітірушілер саны – 1072.
Оның 11-і «Алтын белгіге», ал «Үздік аттестатқа» — 117 үміткер бар.
9 — сыныпты бітірушілер саны — 1699.
Оның ішіндегі 141 — оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You