ЖЕТІСАЙ: Балаларға 500 кітап тарту етті

 

Қ.Жандарбеков атындағы Жетісай Драма Театрында «Рухани құндылықтар-ұрпаққа ұлағат» атты тағылымды кеш болды. Оған аудандағы мектеп оқушылары қатысты. Шараны Жетісай ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастырды.
Кешке Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының бөлім басшысы Жандос Маханбетов, Жетісайдың бас ұстазы Тұрсын Әзіретұлы қатысты. Жазушы публицист, қоғам қайраткері ағамыз Бейсенбай Сүлейменов оқырмандармен ой бөлісіп, пікір алмасып, балаларға 500 кітабын тарту етті.
Қаламгер сапарын өзінің оқыған мектебі Жетісай ауданы, Мақталы ауыл округіндегі Кенесары Хан мектебінде дәстүрлі «Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» атты облыстық-аймақтық конкурстан бастады. Байқауға қаламгердің шығармаларымен сусындаған өрендер Сарыағаш, Келес, Шардара, Мақтарал, Жетісай аудандарыннан үздіктер қатысты. Бейсенбай Сүлейменов ағамыз 2022 жыл «Балалар жылы», «1 маусым Халықаралық балаларды қорғау күні», «TURAN -BALAFEST» онкүндік қортындысында балалармен жазушылар арасындағы байланысты шыңдау, әдеби қабілеттерін ынталандыру үшін шеберлік сағаттарын ұйымдастырды. Бұл шараға Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қатысып, үздіктер өрендерді марапаттады.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Możesz używać oprogramowania do zarządzania rodzicami, aby kierować i nadzorować zachowanie dzieci w Internecie. Za pomocą 10 najinteligentniejszych programów do zarządzania rodzicami możesz śledzić historię połączeń dziecka, historię przeglądania, dostęp do niebezpiecznych treści, instalowane przez nie aplikacje itp.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.