
1 маусым — «Балаларды қорғау күніне» орай «KaravanSaray» көпсалалы кешенінде мерекелік іс шара ұйымдастырылды. Онда Қазақстан эстрада жұлдыздары «Заман» тобы, әнші Айдар Байжанов, Түркістан облысының талантты оқушылары өз өнерлерін көрсетті.
Шара барысында балаларға тегін балмұздақ, қоразкәмпит және тәтті мақталар үлестірілді. Сондай-ақ, облыстың өнерлі балалары флеш-моб форматында да өз өнерлерін ортаға салды.
Есімі елімізге белгілі қолөнер шеберлері өздерінің шеберлік сағаттарын да өткізуге мүмкіндік алды. Шығармашылыққа бейімі бар балалар балалар жазушысы Бейсенбай Жолдасбекұлы Сүлейменовпен кездесті.
Техникалық дүниелерге қызығатын балалардың қолынан шыққан бұйымдар «DRONE CHALLENGE» және «ROBO FEST» көрмесіне қойылды. «Интеллектуалды ұлт» мектеп оқушылары мен колледж студенттері арасындағы шахмат және тоғызқұмалақ ойындарынан турнирі де ұйымдастырылды.
«Аралдағы цирк» мерекелік қойылымы арқылы балаларды ерекше әсерге бөледі. Жас қылқалам шеберлерінің салған таңдаулы туындылары көрмеге қойып, өнерлері насихатталды.
Хореографиялық «Балауса» би тобының биімен басталған шарада Отырар ауданының оқушыларының «Сегіз сері» вокалды тобы ән шырқады.
Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев балаларды мерекемен құттықтап, Республикалық пәндік олимпиадалар мен ғылыми жобалар байқауларының жеңімпаздарын марапаттады.
ANYQ.KZ»-ақпарат.
