Ермұхамет Ертісбаев жаңа Конституция қабылдауды ұсынды

Жаңа Қазақстанды жаңа Конституциясыз құру мүмкін емес.


Бұл пікірді Қазақстан халық партиясының төрағасы Ермұхамет Ертісбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әр затты өз атымен атайтын болсақ, менің ойымша, әрине Жолдау (Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы – ред.) жаңа Конституцияны қабылдауды талап етеді. Өйткені, жаңа Конституциясыз жаңа Қазақстанды құру мүмкін емес деген пікірдемін. Бұл жерде Парламент туралы жаңа Конституциялық заңның қабылдануы да әбден мүмкін», — деді Ермұхамет Ертісбаев «ҚСЗИ GPS: Gylym. Pikir. Sayasat» сараптамалық алаңының ашылуында.

Е. Ертісбаев Парламент үшін күресуден бұрын, парламентаризм туралы, еліміздегі парламентаризмнің перспективалары туралы айтудан бұрын осы институтты одан әрі дамыту үшін жағдай жасау қажеттігін айтты.

«Біз әдетте елдің ең жоғарғы және заң шығарушы органы деп айтамыз және бұл бізге абстракция сияқты естіледі. Бірақ меніңше, Президент Жолдауында тағы да мажоритарлық-пропорционалды жүйеге оралуға жағдай жасалды және жолы белгіленді. Біз оны алғаш рет 1999 жылы қазан айында енгізген едік. Бірақ онда партиялық ондық ережесі болды, яғни 10% партиялық тізім бойынша, 90% — округтер бойынша сайланатын. Содан кейін біз осы мажоритарлық жүйені толығымен алып тастадық, тек партиялық жүйені қалдырдық, енді 30%-дан 70%-ға қайта ораламыз. Бұл цифрларға кім талдау жасап, белгілейтіні әлі күнге дейін түсініксіз», — деді Ермұхамет Ертісбаев.

Спикер барлық саяси партияларға 50-50 пайызға дейінгі арақатынасты қолдауды талап ететінін және сұрайтынын, осының әділ болатынын жеткізді.

Сонымен бірге, Қазақстан халық партиясының төрағасы елдегі үстем партияның құрылуы тұтас саяси бәсекелестікті жойды деген пікір білдірді.

«Әсіресе Тәуелсіздігіміздің үшінші онжылдығына, күшті доминантты партия құрылған жүйеге келдік. 2007 жылға дейін біздің елде саяси демократия деңгейі айтарлықтай жоғары болды – бәсекелестік те, саяси күрес те, оппозиция да бар еді. Мен мұны бірнеше рет айтқан болатынмын. Бірақ, төрт партияның бірігуі және ең мықты авангардтық, үстем партияның құрылуы елдегі саяси бәсекені өлтірді», — деді Ермұхамет Ертісбаев.

Е. Ертісбаев Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жағдайды түзетудің нақты жолдарын белгілегенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы өз Жолдауында нақты нақты жоспар белгіледі. Президент саяси партияға кірмейді, әкімдер де биліктің атқарушы-бөлу тармағын партиялық билікпен байланыстырмау үшін саяси қызметінен бас тартуда, тағы да қайталаймын, бұлар саяси демократияның ешқандай дамуына жол бермейді», — деді Ермұхамет Ертісбаев.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.