«ХI ҮМІТ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАР ФОРУМЫ ӨТТІ

2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша Түркістан облысы, Қазығұрт ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен «Балалар жылына» орай «ХI Үміт» дарынды балалар форумы» тақырыбында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін және спорт чемпиондарын марапаттау шарасы өтті.
Салтанатты шараға Қазығұрт ауданының әкімі А.Абдуллаев, мәслихат хатшысы Ө.Көпеев, аудандық білім саласы қызметкерлері ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Құрбанов, Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің басшысы Ж.Маханбетов, Тәрбие және қосымша білім беру бөлімінің бас маманы Ә.Биболова, Қазығұрт ауданы адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы А.Уисимбаев, аудандық кәсіподақ ұйымының төрағасы С.Мусакулов дарынды балаларды құттықтап, Алғыс хаттармен марапаттады.
Биыл бұл форумға барлық білім беру ұйымдарынан 130 — ға жуық оқушы қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар тарапынан еліміздің даңқын асырып, биік жетістіктерге жеткізіп жүрген олимпиада жүлдегерлері мен оларды спортқа баулыған жаттықтырушыларға және пән мұғалімдеріне алғыстар айтылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Suivre le téléphone portable — Application de suivi cachée qui enregistre l’emplacement, les SMS, l’audio des appels, WhatsApp, Facebook, photo, caméra, activité Internet. Idéal pour le contrôle parental et la surveillance des employés. Suivre le Téléphone Gratuitement — Logiciel de Surveillance en Ligne. https://www.xtmove.com/fr/

  2. Monitore o celular de qualquer lugar e veja o que está acontecendo no telefone de destino. Você será capaz de monitorar e armazenar registros de chamadas, mensagens, atividades sociais, imagens, vídeos, whatsapp e muito mais. Monitoramento em tempo real de telefones, nenhum conhecimento técnico é necessário, nenhuma raiz é necessária.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.