![]()
Кентау қаласында ұлттық құндылықтарды насихаттау, рухани тәрбие мен мәдени іс-шараларды дамытуға бағытталған жұмыстарды жүйелеу мәселесі қаралды.
Қала әкімі Жандос Тасовтың төрағалығымен өткен аппараттық жиында қалалық «Руханият орталығының» жұмысы мен алдағы жоспарлары талқыланды. Орталық басшысы Әділбек Қайырбеков атқарылған жұмыстар мен алдағы міндеттер туралы баяндама жасады.
Жиында орталықтың қоғамдық маңызын арттыру, оның жұмысын жүйелі ұйымдастыру қажеттігі атап өтілді. Әсіресе, ұлттық құндылықтарды дәріптейтін, жас ұрпақтың рухани танымын кеңейтетін және отансүйгіштік пен бауырмалдық қасиеттерді қалыптастыратын тағылымды іс-шараларды көбейтуге басымдық берілді.
Қала әкімі жауапты мамандарға мәдени-рухани бағыттағы жұмыстарды мазмұнды ұйымдастырып, жастардың ұлттық құндылықтарға деген құрметін арттыруға бағытталған жобаларды жүйелі түрде жүзеге асыру жөнінде тапсырмалар берді.
Кентауда рухани-мәдени ортаны қалыптастыруға бағытталған мұндай жұмыстар ұлттық құндылықтарды ұлықтап, кейінгі буынға өнегелі тәрбие берудің маңызды тетігіне айналмақ.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
