«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті ХLII-конференциясы өтті

Конференцияға «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков, аудандық мәслихат хатшысы Нұрғали Айтбеков, мәслихат депутаттары, ауыл әкімдері, аудандағы мекеме басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері, «Жас Отан» ЖҚ мүшелері мен БАҚ өкілдері қатысты.


Конференцияның күн тәртібінде Қазақстан Республикасының «Сайлау туралы» заңына енгізілген өзгерістерге сәйкес 2021 жылдың II-жарты жылдығында өтетін ауыл округі әкімдерінің сайлауына қатысу үшін партия атынан үміткерлер ұсыну туралы бір мәселе қаралып, партияның филиал төрағасының бірінші орынбасары Тұрсынәлі Дүйсенбеков хабарлама жасады.

Мандат комиссиясының төрайымы, конференция делегаты Жанар Бауыржанқызының жасаған хабарлама дауысқа қойылып, конференция делегаттарының өкілеттіктері нақтыланды.

Партия ардагері Бағдат Қалаубай жарыссөзге шығып, партияның атынан Ақбастау және Көктерек ауылдық округі әкіміне ұсынылып отырған үміткерлерге сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясы Бәйдібек аудандық филиалының кезекті ХLII-конференциясын партияның филиал төрағасы, аудан әкімі Ержігіт Шәріпбеков қорытындылады.

ANYQ.KZ-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.