Сауран аудандық емханасына Түркістан облысының әкімі жаңа автокөлікті табыстады

Түркістан қаласындағы «Конгресс Холл» кешенінде Медицина қызметкерлері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік жиынға денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен қызметкерлері қатысып, өңір медицинасының дамуына үлес қосып жүрген үздік мамандар марапатталды.

Салтанатты шара барысында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров медицина саласы қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, сала мамандарының халық денсаулығын сақтаудағы маңызды рөлін атап өтті.

Іс-шара аясында 2025 жылдың қорытындысы бойынша облыстық негізгі медициналық көрсеткіштердің орындалуында жоғары нәтиже көрсеткен Сауран аудандық емханасына жаңа автокөліктің кілті табысталды.

Бұл марапат — аудандық емхана ұжымының кәсіби біліктілігі мен жауапты еңбегінің нәтижесі. Медициналық көмектің сапасын арттыруға бағытталған жүйелі жұмыстар мен халыққа көрсетілетін қызметтердің тиімділігі жоғары бағаланып отыр.

Сауран ауданының медицина саласы тұрғындардың денсаулығын сақтау бағытында тұрақты жұмыс жүргізіп келеді. Мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау мен медицина қызметкерлерінің қажырлы еңбегі нәтижесінде салада оң көрсеткіштер қалыптасуда. Сауран ауданы әкімдігі аудандық емхана ұжымын жоғары жетістігімен құттықтап, алдағы жұмыстарына толағай табыс пен жаңа белестер тілейді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You