ШАЯНДА «БАЛАЛАРДЫҢ ИГІЛІГІ ҮШІН» ОНКҮНДІГІ БАСТАЛДЫ

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні мерекесіне орай Бәйдібек ауданындағы мектептер мен балабақшаларда «Балалардың игілігі үшін» тақырыбындағы онкүндік бастау алды.

Оның мақсаты – балалар жылында аталып өтетін іс-шараларды жүйелі жүзеге асыру және оқушылардың, бүлдіршіндердің әрбір іс-шараға қатысу белсенділігін жоғары деңгейге жеткізу.
Шаян ауылы «Тәуелсіздік» алаңында «Балалар денсаулығы – ұлт денсаулығы» атты тақырыпта іс-шара ұйымдастырылып, спорттық жарыстар өткізілді. Концерттік бағдарламалар қойылды. Оған аудан мектептерінің оқушылары және балабақша бүлдіршіндері қатыстырылды.
Бәйдібек ауданының әкімі Ержігіт Шәріпбеков, Бәйдібек ауданының адами әлеуетті дамыту бөлімінің басшысы Ақбала Аманбайқызы келген қонақтарды, ата-аналар мен оқушыларды құттықтап, ыстық ықыласын білдірді.
Сонымен қатар, аудандық демеуші ағалардың қолдауымен «Тәуелсіздік» алаңына жиналған 300-ге жуық балаға Балмұздақтар таратылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Suivre le téléphone portable — Application de suivi cachée qui enregistre l’emplacement, les SMS, l’audio des appels, WhatsApp, Facebook, photo, caméra, activité Internet. Idéal pour le contrôle parental et la surveillance des employés. Suivre le Téléphone Gratuitement — Logiciel de Surveillance en Ligne. https://www.xtmove.com/fr/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.