«Shymkent» ӘКК арқылы салынып жатқан көп қабатты үйлердің 24-і маусым айында пайдалануға беріледі

Еліміздің үшінші мегаполисіндегі «Shymkent» ӘКК» АҚ-мен жалпы ауданы 146 мың шаршы метрден астам 44 көп қабатты тұрғын үй салынуда.


Оның ішінде «7-20-25» бағдарламасы аясында 24 үй, ондағы пәтер саны 1016, ал бюджет қаржысымен жалпы пәтер саны 1213 болатын 20 тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде,- деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.

Бұдан бөлек көпқабатты тұрғын үйлерге жапсарласып, әлеуметтік, тұрмыстық, сауда-саттық және ойын-сауық орталықтары да салынады.

Тұрғын үйлер «Тұран», «Асар-2», «Шымкент сити», «Шығыс» шағын аудандары мен әкімшілік-іскерлік орталығында және Водопьянова көшесінде салынуда. Бұл тұрғын үйлердің 24-і маусым айының соңында пайдалануға берілсе, 17-і жылдың соңына қарай тапсырылады. Қалған үш тұрғын үй келер жылға өтпелі.

Бұл пәтерлердің 1 шаршы метрі 225 000 – 250 000 теңге аралығында сатылмақ. Таңдаған пәтер құнының 20 пайызы болса, қалған қаржыны банк арқылы «7-20-25» бағдарламасымен 7 пайызға, 25 жылға дейін рәсімдеуге болады.

 «ANYQ.KZ»-информация.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

1 Comment

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.