ШЫМКЕНТ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛДЫҚ КЕЗЕҢІ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтың бастамасымен «Шымкент жастар лигасы» жобасының шахмат спорт түрінен финал ойыны өтті. Бәсі басым байқаудың қорытындысы 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні белгілі болмақ. Жеңімпаз командалар Қажымұқан орталық стадионында марапатталатын болады.

Сонымен, спорттың шахмат түрінен ұзын-ырғасы 130 команда қатысып, финалдық кезеңге:

Абдраш Назарбеков атындағы №87 жалпы орта білім беретін мектебі;

З.Космедемьянская атындағы №23 мектеп-лицейі;

№2 дарын;

Ахмет Байтұрсынов атындағы №50 мектеп-гимназиясы;

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейі;

А.С.Пушкин атындағы мектеп – гимназиясы;

Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы;

№45 мектеп-гимназиясы;

Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясы;

А.Макаренко атындағы №41 мектеп-лицейі;

Н.Оңдасынов атындағы №38 мектеп-гимназиясы;

Ақпан батыр атындағы №10 жалпы орта білім беретін мектебі;

№68 жалпы орта білім беретін мектебі;

№89 IT мектеп-лицейі;

№69 жалпы орта білім беретін мектебі;

№88 жалпы орта білім беретін мектептері өтіп, нәтижесінде: І орын Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT мектеп-лицейіне бұйырды. ІІ орын – Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектеп-гимназиясының еншісінде.  Ал, ІІІ орынды Т.Тәжібаев атындағы №47 мектеп-гимназиясы иеленді.

Бұл жоба үш айға созылды. Жоба аясында футбол, волейбол, баскетбол, шахмат сынды спорттың 4 түрінен ойындар өтуде. Онда 151 жалпы орта білім беру мектебінен 514 команда қатысуда. Дәлірегі, Абай ауданынан – 37, Әл-Фараби ауданынан – 25, Еңбекші ауданынан – 40, Қаратау ауданынан – 38. Сонымен қатар, командаларға қолдау көрсетуге 151 мектептен Фан-клуб командалары жасақталып, 2265 оқушы қамтылды. Жастар лигасы жобасының жүлде қоры – 80 миллион теңге. Яғни мектеп оқушылары арасындағы спорттық сайыстың жеңімпазы атанған 4 мектепке 20 миллион теңгеден қаржылай сыйлық берілмек. Ал, ол мектеп қажеттілігіне бағытталмақшы. Байқауға демеушілік жасағандар қаланың жеке кәсіпкерлері екенін атап өткен жөн. 

«Спорттық сайыс – мегаполис балалары арасында ынтымақты ұйыстыруға зор мүмкіндік. Балғындар табандылыққа, мақсат қоюға машығады» – дейді қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан.

Жобаның бірінші кезеңінде 140 білім беру ұйымынан 500-ден астам команда жасақталып, 6 мыңнан астам оқушы бағын сынады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.