Шымкент жастары қоғамда жиі көтеріліп жүрген тақырыптарда пікір алмасты

Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқарма басшысы Мұратжан Шотанов жастармен тағылымы мол кездесу ұйымдастырып, қоғамда жиі көтеріліп жүрген тақырыптарда пікір алмасты.


Кездесу барысында мемлекет тарапынан жастардың игілігі үшін қабылданған мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар туралы айтылды. Оның ішінде, жастардың бос уақыттарын тиімді пайдалану, жастар игіліктері пайдалануға берілген спорт, мәдениет нысандарының жұмыстарына тоқталды. Сонымен қатар, жастарға кедергі келтірмей, емін-еркін еңбек етулеріне, өздерінің әлеуеттерін толыққанды жүзеге асыруына мүмкіндік жасау үшін жұмыстар жүргізіліп жатқаннын жеткізді.

— Қазіргі таңда жастар үшін жаңа мүмкіндіктер көп берілуде. Соның ішінде олардың бизнеспен айналысуына, білім алуына, жұмысқа орналасуына, табыс табуына жол ашылды. Бүгінде жастардың алға қойған мақсат-мүдделеріне тереңінен мән беріліп, жүйелі зерттеу жүргізу арқылы жастардың мұң-мұқтажы, мақсат-мүдделері анықталып, жастар саясатын сол қажеттіліктерге жауап беретін деңгейде ұйымдастырылуда, — деді басқарма басшысы Мұратжан Шүкірханұлы.

Кездесу соңында басқарма басшысы жастарға үлкен жауапкершілік пен сенім артатынын, сондықтан ұлт жастарына үлкен үмітпен қарайтынын жеткізді.

 «ANYQ.KZ-ақпарат»

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.