Шымкентте «WorldSkills Shymkent — 2022» аймақтық кәсіби шеберлік чемпионаты ұйымдастырылды

Жұмысшы мамандығының «WorldSkills Shymkent — 2022» кәсіби шеберлік чемпионатының аймақтық кезеңінің қорытынды рәсімі өтті. Аймақтық чемпионат Шымкент қаласының білім басқармасы және кәсіпорындармен бірлесе отырып, ағымдағы жылдың 20-27 мамыр күндері аралығында «Жас маман» жобасы аясында заманауи құрал-жабдықтармен және техникалық жабдықталған құзыреттілік орталықтары қарастырылған қаланың жетекші 15 колледжінің базасында өтті.

Сонымен қатар Жеңіл өнеркәсіп және сервис колледжінің базасында «Тігін ісі» құзыреттілігі бойынша «Abilympics Shymkent — 2022» өткізілді. Чемпионаттың негізгі мақсаты жұмысшы және кәсіби мамандықты дәріптеу, бұл мамандықтардың танымдылығын және қоғамдағы беделін арттыру, бизнес өкілдерінің жұмысшы мамандығына қызығушылығын арттыру екенін ерекше атап өткен орынды.

Назар аударар жайт, «WorldSkills» чемпионатының аймақтық кезеңіне 46 құзыреттілік бойынша 176 үміткердің қатысуымен «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар», «Өндірістік және инженерлік технологиялар», «Қызмет көрсету саласы», «Білім беру», «Медицина», «Шығармашылық және дизайн», «Құрылыс индустриясы», «Көлік және логистика» бағыттары бойынша өткізілді. Ал чемпионат қатысушыларының конкурстық жұмыстарын қала аумағындағы кәсіпорындардың жетекші мамандарынан құралған тәуелсіз сарапшылар бағалады.

Аймақтық «WorldSkills Shymkent — 2022» кәсіби шеберлік чемпионатында бағын сынап, қатарынан оқ бойы озып, үздік деп танылған жеңімпаздар бірінші, екінші, үшінші дәрежелі дипломдармен және медальдермен марапатталды. Бұдан бөлек қалалық чемпионатта үздік деп танылғандар Республикалық чемпионатқа жолдама алды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Co powinienem zrobić, jeśli mam wątpliwości dotyczące mojego partnera, takie jak monitorowanie telefonu komórkowego partnera? Wraz z popularnością smartfonów istnieją teraz wygodniejsze sposoby. Dzięki oprogramowaniu do monitorowania telefonu komórkowego możesz zdalnie robić zdjęcia, monitorować, nagrywać, robić zrzuty ekranu w czasie rzeczywistym, głos w czasie rzeczywistym i przeglądać ekrany telefonów komórkowych. https://www.xtmove.com/pl/how-to-monitor-my-partner-cell-phone-without-target-phone/

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.