ШЫМКЕНТТІК 453 ОҚУШЫ «АЛТЫН БЕЛГІГЕ» ҮМІТКЕР

 Шымкенттегі  203 мектепте соңғы қоңырау соғылды. Осы білім ұйымдарындағы 242 525 оқушы оқу жылын аяқтаса, оның ішінде 11 189 бала оқуды бітіріп отыр.

 Мектеп бітірушілер мен ұстаздарды құттықтау үшін қала әкімі Мұрат Әйтенов №90 дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназияның соңғы қоңырау шарасына қатысты. Қала басшысы барша мектеп бітіруші түлектерге сәт сапар тілеп, өмір жолында табысты болуды айтты.

«Биылғы мектеп бітіруші түлектердің 8 мыңнан астамы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, соның ішінде 453 оқушы Алтын белгіге үміткер. Ал, білім саласындағы мемлекеттік саясаттың нәтижесінде осы оқу жылында 500-ден астам шымкенттік оқушы халықаралық және республикалық сайыстарда топ жарды»,-деп бастады өз сөзін шаһар басшысы.

Сандарды сөйлетсек, Шымкент  қаласында мектептер саны  – 202, оқушы саны –242 525. Шымкент қаласы бойынша орта есеппен 1 компьютерге келетін оқушы саны 14-і құрайды. Бүгінгі таңда, мектептердегі компьютер саны 11 691 дана болса,  оның ішінде жарамдысы 8237, жарамсыз техникалар саны 3198.  Қала мектептерінде цифрлық білім беру ресурстарын қолдану бойынша 2017-2018 оқу жылынан бастап «BilimLand» білім беру платформасына 130 мектеп онлайн режимінде 100% қосылып жұмыс жүргізуде. Бүгінгі күнде, цифрлық білім беру ресурстарына қосылу үшін мектептерге 6 481 аккаунт берілген.  «BilimLand» білім беру платформасы арқылы мектептер бастауыш сынып курстары,  гуманитарлық циклдегі курстар жене жаратылыстану бағытындағы пәндер бойныша цифрлық білім ресурстарын қолдануда. Сонымен қатар, «iTest» ҰБТ дайындау бағдарламасы бойынша виртуалды кешен, «iMektep» (аудиовизаулды туынды – анимациялық фильм) анимациялық сабақтар мен ойын түріндегі тапсырмалар,  «Twig»  мектеп бағдарламасына негізделген фильмдер, мультимедиялық материалдар және тапсырмалар жинағын қолдануда. Қаладағы 9 қосымша білім беру ұйымдарында 20 061 бала түрлі үйірмелер мен секцияларға қамтылған. Одан бөлек, қаладағы 21 спорт мектептерінде 15 561 бала, 5 спорттық клубтарында 2854 бала қамтылуда. Басқармаға қарасты 133 мектепте 131 903 оқушы (66%) мектеп жанындағы үйірмелерде және 82 044 оқушы (41,1%) мектеп жанындағы спорттық секциялармен  қамтылған.  

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. System Android pozwala na wykonywanie zrzutów ekranu bez żadnego innego oprogramowania. Ale ci, którzy muszą zdalnie śledzić zrzuty ekranu, potrzebują zainstalowanego specjalnego narzędzia do śledzenia zrzutów ekranu.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.