![]()
Созақ өңірінде Астана күні мерекесі қарсаңында тұрғындардың қуанышын еселеген ерекше сәт орын алды. Аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтекауданында 25 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды. Әлеуметтік осал санаттағы азаматтар мен көпбалалы отбасылардың бірі ұзақ күткен кезектің өтеуін көрсе, енді бірі балаларының болашағына берік тұғыр болатын жаңа шаңыраққа қол жеткізді.
Жаңа баспаналардың кілтін табыстау рәсіміне аудан тұрғындары, еңбек ардагерлері, зиялы қауым өкілдері мен жаңа қоныс иелері қатысты.
Іс-шара барысында аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтап, баспаналы болу – әрбір отбасы үшін ең үлкен бақыттың бастауы екенін атап өтті.
– Мемлекет басшысының халықтың өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі тапсырмалары аясында ауданымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүзеге асырылып келеді. Баспана – әр шаңырақтың берекесі, отбасының бақыты мен тұрақтылығының негізі. Бүгінгі қуаныш – әлеуметтік қолдау мен тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жұмыстардың жемісі. Алдағы уақытта да бұл бағыттағы жұмыстар жалғасады, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев қоныс иелеріне ақжарма тілегін арнады.
Салтанатты сәтте жаңа пәтер иелері де жүрекжарды лебіздерін білдіріп, мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлыққа ризашылықтарын жеткізді.
Еске сала кетейік, тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды есепке қою және баспанамен қамтамасыз ету жұмыстары қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкес «Отбасы банк» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Тұрғын үй алушылар азаматтардың мәртебесі, тұрғын үйге мұқтаждық деңгейі және кезектегі орны негізінде анықталады.
Соңғы жылдары Жеткіншек мөлтек ауданында тұрғын үй құрылысы қарқынын бәсеңдеткен емес. Бұған дейін Мемлекеттік рәміздер күні мерекесінде 29 отбасы жаңа қонысқа қол жеткізсе, бүгін тағы 25 отбасының арманы орындалды. Қазіргі таңда пайдалануға дайын 22 пәтердің құжаттандыру жұмыстары жүргізілуде. Қажетті рәсімдер толық аяқталған соң бұл баспаналар да кезең-кезеңімен өз иелеріне табысталады.
Сонымен қатар аудан орталығында 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жалғасуда. Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлердің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.
Естеріңізде болса, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында да аудан орталығындағы Жеткіншек мөлтек ауданында қуанышты сәт орын алды. 29 отбасыға жаңа пәтерлердің кілті салтанатты түрде табысталған болатын. Жаңа баспаналар халықтың әлеуметтік осал топтарына жататын азаматтар мен көпбалалы отбасыларға берілді. Қоныс тойының қуанышын бөлісуге аудан тұрғындары, ардагерлер қатысты.
Шарада аудан әкімі Мұхит Тұрысбеков жаңа пәтер иелерін құттықтады. Баспананың әрбір отбасы үшін ерекше маңызға ие екенін және бұл бағыттағы жұмыстар алдағы кезеңде де жалғасарын атап өтті.
– Баспана – әр шаңырақтың берекесі мен бақытының бастауы. Бүгінгі қоныс тойы – мемлекетіміздің әлеуметтік қолдау саясатының нақты нәтижесі. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев халықтың тұрмыс сапасын жақсарту мен тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды мемлекеттік саясаттың басты басымдықтарының бірі ретінде белгілеп келеді. Соның нәтижесінде ауданымызда да тұрғындарды баспанамен қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жалғасуда, – деді аудан басшысы.
Сондай-ақ аудандық мәслихат төрағасы Ордабек Жәмиев ізгі тілегін білдіріп, жаңа қоныс иелеріне амандық пен бақ-береке тіледі.
Шара барысында баспана иелері мемлекет тарапынан көрсетіліп жатқан қолдау үшін ризашылықтарын білдіріп, қуаныштарын жиналған жұртшылықпен бөлісті.
Айта кетейік, қазіргі таңда тұрғын үй кезегіне қою және тұрғын үйге мұқтаж азаматтарды іріктеу жұмыстары қолданыстағы заңнамаға сәйкес «Отбасы банк» АҚ-ның бірыңғай ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі. Тұрғын үй алушылар азаматтардың мәртебесі, тұрғын үйге мұқтаждық деңгейі және кезектегі орны негізінде айқындалады.
Бүгінде Жеткіншек мөлтекауданында тұрғын үй құрылысы қарқынды жалғасуда. Құжаттандыру рәсімдері аяқталған сайын бұл баспаналар да кезең-кезеңімен өз иелеріне табысталмақ. Сонымен қатар 20 пәтерлі тұрғын үйлердің құрылысы жүргізілуде.
Бұдан бөлек, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» АҚ-ның еншілес ұйымдарының демеушілігімен жаңғырту бағдарламасы аясында 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүзеге асырылып жатыр.
Астана күні қарсаңында Созақ ауданында тағы 25 отбасының баспаналы болуы – әлеуметтік саясаттың нақты нәтижесін көрсететін маңызды оқиға. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев тұрғын үйге қолжетімділікті арттыруды халықтың өмір сүру сапасын жақсартудың басты көрсеткіштерінің бірі ретінде айқындап келеді. Президенттің тапсырмасына сәйкес елімізде тұрғын үй құрылысының қарқыны жылдан-жылға артып, баспана кезегінде тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, әлеуметтік осал топтарды қолдау және тұрғын үй саласына инвестиция тарту бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүзеге асырылуда. Сонымен қатар тұрғын үй бөлу үдерісі толықтай цифрландырылып, «Отбасы банк» арқылы бірыңғай электрондық жүйеге көшірілуі ашықтық пен әділдікті қамтамасыз етуге мүмкіндік берді.
Үкімет тұрғын үй құрылысын экономиканың негізгі драйверлерінің бірі ретінде қарастырып, инженерлік инфрақұрылымды дамытуға, жалға берілетін және несиелік тұрғын үйлердің көлемін ұлғайтуға, әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды баспанамен қамтуға қомақты қаржы бөліп келеді. Соңғы жылдары елімізде жыл сайын рекордтық көлемде тұрғын үй пайдалануға беріліп, жаңа шағынаудандар бой көтеруде. Бұл тұрғындардың әл-ауқатын жақсартумен қатар, құрылыс индустриясының дамуына, жаңа жұмыс орындарының ашылуына және өңірлердің әлеуметтік-экономикалық өсіміне оң әсерін тигізуде.
Түркістан облысында да тұрғын үй құрылысы қарқынды жалғасып келеді. Өңірде мемлекеттік тұрғын үй бағдарламалары, инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы және жеке инвестициялар есебінен жаңа тұрғын үйлер пайдалануға берілуде. Әсіресе халық саны қарқынды өсіп отырған өңір ретінде әлеуметтік баспаналар салу, көпбалалы отбасыларды, мүмкіндігі шектеулі азаматтарды және өзге де әлеуметтік осал топтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселесі облыс басшылығының тұрақты бақылауында.
Бұл бағытта Созақ ауданында да жүйелі жұмыстар жүргізіліп келеді. Соңғы бір айдың ішінде ғана Мемлекеттік рәміздер күні қарсаңында 29 отбасы, енді Астана күні қарсаңында тағы 25 отбасы жаңа пәтерге қол жеткізді. Яғни, қысқа мерзім ішінде 54 отбасының баспаналы болуы – аудандағы тұрғын үй құрылысының нақты қарқынын көрсететін маңызды көрсеткіш. Бұған қоса құжаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатқан тағы 22 пәтер мен салынып жатқан 20 пәтерлі тұрғын үйлер, сондай-ақ «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ еншілес ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан 16 пәтерлі екі қабатты тұрғын үйлердің құрылысы алдағы кезеңде ондаған отбасының баспана мәселесін шешуге мүмкіндік береді.
Мемлекет пен әлеуметтік жауапты бизнестің тиімді әріптестігі де Созақтағы тұрғын үй құрылысына жаңа серпін беріп отыр. Ірі өндірістік кәсіпорындардың әлеуметтік жобаларға қатысуы өңір тұрғындарының тұрмыс сапасын жақсартып қана қоймай, ауданның әлеуметтік инфрақұрылымын дамытуға да елеулі үлес қосуда.
Баспана – жай ғана төрт қабырға емес, әр отбасының болашағына деген сенімнің, тұрақтылық пен берекенің негізі. Сондықтан Созақ ауданында кезең-кезеңімен жүзеге асып жатқан тұрғын үй жобалары Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған әлеуметтік саясатының өңірдегі нақты жемісі деуге толық негіз бар. Алдағы уақытта жаңа тұрғын үйлердің пайдалануға берілуі мен тұрғын үй құрылысының жалғасуы аудан тұрғындарының әлеуметтік жағдайын жақсартып, халықтың мемлекетке деген сенімін одан әрі нығайта түсетіні сөзсіз.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
