Созақ ауданында жұмыс нәтижесі мен негізгі көрсеткіштер сараланды

Loading

Созақ ауданында атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижесі мен негізгі салалық көрсеткіштердің орындалу барысы сараланды. Аудан әкімі Мұхит Тұрысбековтің төрағалығымен өткен аппарат мәжілісінде бірқатар өзекті мәселе қаралып, алдағы міндеттер айқындалды.

Мәжілістің күн тәртібіндегі алғашқы мәселе бойынша аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің атқарған жұмыстары тыңдалды. Бөлім басшысы Ерлан Райымқұлов есепті кезеңде жүзеге асырылған жұмыстардың нәтижелері мен алдағы кезеңге белгіленген міндеттер туралы баяндады.

Жиында бұған қоса ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты негізгі көрсеткіштердің орындалу барысы қаралды. Әр сала бойынша атқарылған жұмыстар сараланып, белгіленген жоспарлардың уақытылы орындалуы мен нақты нәтижеге қол жеткізу мәселесіне басымдық берілді.

Аудан әкімі жауапты сала басшыларының жұмысына тоқталып, жоспарлы міндеттердің орындалуын формалды көрсеткішпен шектемей, нақты нәтижемен бағалау қажеттігін атап өтті. Әр бағыт бойынша жұмыстың барысын жүйелі түрде саралап, туындаған мәселелерді дер кезінде шешу жөнінде тапсырмалар берді.

Мұхит Тұрысбеков жауапты мамандарға өздеріне жүктелген міндеттерге салғырт қарамауды, белгіленген тапсырмалардың сапалы әрі мерзімінде орындалуын қамтамасыз етуді тапсырды. Сонымен қатар ауданның даму көрсеткіштеріне кері әсер етуі мүмкін мәселелерді алдын ала анықтап, оларды шешуге нақты шаралар қабылдау қажеттігін ескертті.

Аппарат мәжілісінде көтерілген мәселелер алдағы жұмыстың негізгі бағыттарын айқындап, әр саланың нәтижелілігі мен жауапты басшылардың міндетіне қойылатын талаптарды нақтылай түсті.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You