Түркістан қаласында «Қазақтілді білім беру үдерісі: тілтанымдық контент, цифрлық ресурстар» атты семинар өтті

Алматы қаласындағы Ахмет Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтының мамандары Түркістанға аранайы келіп, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне мазмұнға бай семинар өткізді.

Институт директоры, филология ғылымдарының кандидаты Анар Фазылжан Қазақ тілінің Ұлттық корпусының жұмыстарын таныстырып, педагогтерге сабақ барысында пайдалануды ұсынды.

Семинарды Қожа Ахмет Ясауи атындағы ХҚТУ ректоры, мәслихат депутаты Жанар Темірбекова ашып беріп, сәттілік тіледі. Түркістан қаласының білім бөлімінің басшысы Бақытжан Төлімбет Институт ұжымына алғыс білдіріп, қорытындылады. Қатысқан мұғалімдерге Институттың сертификаты табысталды. Институт ғалымдары мен қала педагогтары арасында ортақ жұмыстар жалғасын табады.  Институт материалдарын Әдістемелік нұсқаулық хатқа енгізу ұсынылды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You