
Қазығұрт ауылының «Qazygurt» командасы Грекияда (Коринф қаласы) өткен “Open International Championship 2026” халықаралық робототехника чемпионатында жүлделі орынға ие болды.
Жарысқа 56 елдің жас инженерлері қатысты. Қазақстандық оқушылар АҚШ, Жапония, Бразилия, Германия, Қытай, Испания және Түркия қатысушыларымен бәсекеге түсті. Чемпионат қорытындысы бойынша олар «Champions Award» номинациясында екінші орын иеленді. Құрамада Арайлым Бауыржанқызы, Ернұр Абдрай, Інжу Жаркинбек, Абзал Амангельдиев, Ерасыл Жетпіс, Өтепберген Нұрбек, Айбек Еркебұлан және Диас Кенесов өнер көрсетті. Олар Қ.Тұрсынқұлов атындағы мектеп-гимназиясында, Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-лицейінде және А.С. Макаренко атындағы жалпы білім беретін мектепте оқиды. Команданың жетекшілері: Оразхан Бексұлтан, Тастан Ербол, Нұрсұлтан Үстенов, Нышан Қайыркен және Қуаныш Әлімқұлов.
«Qazygurt» командасы халықаралық чемпионатқа жолдаманы “Alem Tech Fest” жарысында жеңіп алған болатын. Аталған жарысты ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен “USTEM Foundation” және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы ұйымдастырған. Команда халықаралық додаға шамамен бір жыл дайындалып, жоғары нәтиже көрсетті.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
