
Түркістан қаласында бір отбасының шаңырағына ерекше шаттық сыйлаған қуанышты оқиға – үшем дүниеге келді. 41 жастағы ана Марина Әуезханқызы бұл бақытты сәтті 15 жыл бойы үлкен үмітпен күткен. Отбасында 17 және 15 жастағы екі перзенті бар. Енді араға жылдар салып, отбасы қуанышы еселенді. Нәрестелерге ата-анасы Айқын, Айдын және Арсен деген есімдер берген.
Қуанышты сәтке орай перзентханадан шығару рәсіміне Түркістан қаласы әкімінің орынбасары Мадияр Әліпов қатысып, жас ата-ананың қуанышына ортақтасты. Қала әкімінің атынан құттықтауын жеткізіп, отбасыға ізгі тілегін білдірді.
Естеріңізде болса, биыл Түркістан облыстық №1 перинаталдық орталығында үшем дүниеге келген болатын. 2026 жылдың 3 ақпанда Сарыағаш ауданының тумасы жүктіліктің 33-аптасында мерзімінен бұрын босанған. Жаңа туған нәрестелердің біріншісінің салмағы 2400 грамм болса, одан кейінгісі – 2230 грамм, ал ең кішісінің салмағы – 2060 грамм.
Мерзімінен бұрын дүниеге келуіне байланысты үшем «патология» бөлімшесіне жатқызылып, дәрігерлердің бақылауына алынған. Алғашқы тәулікте тыныс алу аппараты арқылы тыныс алса, екінші тәуліктен бастап өздігінен тыныс ала бастады.
Қазіргі уақытта нәрестелердің жағдайы қанағаттанарлық. Олар ана сүтімен тамақтанып, тағамды қалыпты қорытуда. Бақылау кезеңінде нәрестелердің салмақтары тиісінше 2350, 2244 және 2019 грамм болды. Дәрігерлердің оң қорытындысына сәйкес, үшем қанағаттанарлық жағдайда үйлеріне шығарылды. Нәрестелерге Зере, Дара және Сара есімдері берілді.
Айта кетейік, бұл отбасында үш ұл және екі қыз тәрбиеленіп жатыр.
«ANYQ.KZ»-ақпарат.
