Түркістан облысында 2025 жылдың 11 айында жалпы 928 158 мемлекеттік қызмет көрсетілді

Бұл туралы Түркістан қаласында өткен «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиында айтылды. Іс-шараға Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысып, корпорация қызметкерлері мен сала ардагерлерін мерейтоймен құттықтады.

– Сіздерді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының 20 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын. Бұл – мемлекеттік басқару мәдениетін түбегейлі өзгерткен үлкен реформаның мерекесі. 2005 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «бір терезе» қағидаты енгізіліп, мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматы іске қосылды. Бүгінде 20 жылдық тәжірибесі бар мекеме халық пен мемлекет арасындағы алтын көпірге айналды. Түркістан облысы – еліміздегі ең халқы көп өңір. Сіздер осы үлкен өңірге сапалы қызмет көрсетіп, азаматтардың сенімін ақтап келесіздер. Бұл – сіздердің адал еңбектеріңіздің нәтижесі. Мерейтойда барлық қызметкерлер мен сала ардагерлеріне алғысымды білдіремін. Алдағы уақытта да мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру, цифрлық процестерді жеделдету бағытындағы жұмыстарды бірге жалғастыра береміз. Түркістан облысының әкімдігі бұл саланы дамытуға әрдайым қолдау көрсетеді. Сенім бар жерде нәтиже бар. Баршаңызды мерейтойларыңызбен құттықтаймын. Еңбектеріңізге жеміс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! – деді облыс әкімі Нұралхан Көшеров.

Жиында «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Түркістан облысы бойынша филиалының директоры Бахыт Басымбек те сала үздіктерін марапаттады. Корпорацияның облыстық филиалының үздік қызметкерлері марапатталып, ұйымның 20 жылдағы даму кезеңі мен қазіргі жетістіктері атап өтілді. Сонымен бірге концерттік бағдарлама ұсынылып, сала мамандарына құрмет көрсетілді.

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы 2005 жылы Мемлекет басшысының тапсырмасымен «бір терезе» қағидатын енгізу нәтижесінде құрылған болатын. Содан бері халыққа мемлекеттік қызмет көрсетудің жаңа форматын қалыптастырып, азаматтар мен мемлекет арасындағы тиімді байланыстырушы институтқа айналды.

Түркістан облысы – халқы ең көп өңірлердің бірі. Бүгінде облыста арнайы қызмет көрсетуге арналған 59 ғимарат, 26 фронт-офис және 52 бэк-офис жұмыс істейді. Филиалдың қызметкерлер саны – 1195, оның ішінде халыққа қызмет көрсету бағытында 533 маман еңбек етеді.

2025 жылдың 11 айында Түркістан облысында жалпы 928 158 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде электрондық түрде 2536, дәстүрлі форматта 925 622 қызмет ұсынылды. «Сonnection Point» өзіне-өзі қызмет көрсету секторлары арқылы азаматтар 1 037 939 қызметті өз бетінше рәсімдеді.

Түркістан қаласының №1 бөлімінде есепті кезеңде 73 146 қызмет көрсетілді, №2 бөлімде 56 828 қызмет ұсынылды. Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығында 59 696 қызмет көрсетіліп, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру және нөмірлік белгілерді рәсімдеу бағыттарында өсім байқалды.

Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу мәселесі талқыланды

Орайы келгенде атап өтерлігі, апта басында Мемлекет басшысының Жолдауымен бірыңғай цифрлық платформаны енгізуге қатысты тапсырмасын орындау мақсатында мәжіліс өтті. Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаевтың қатысуымен өткен жиынға салалық басқарма басшылары мен тиісті мамандар қатысты.

Облыс әкімінің орынбасары Бірыңғай цифрлық платформаны енгізу бойынша өңірде атқарылған жұмыстарды тыңдап, жауаптыларға нақты тапсырмалар берді. Мәжіліс барысында аймақта әлеуметтік сала бойынша атқарылып жатқан жұмыстар айтылып, әр саладағы деректер мен қызметтерді бір жүйеге біріктіру, процестерді автоматтандыру және халыққа көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мәселелері жан-жақты сараланды.

Айта кетсек, платформаны кезең-кезеңімен енгізу арқылы өңірлік басқару тиімділігі артып, ашықтық пен халыққа қолжетімділік қамтамасыз етіледі.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2025 жылғы 8 қыркүйектіге Жолдауында еліміздің даму бағытын айқындай отырып, цифрландыру мен жасанды интеллектті басым бағыт ретінде атап көрсетті. Білім беру саласындағы цифрландыру мен автоматтандыру – сапалы білімге қол жеткізу мен басқарудың тиімді құралына айналуда.

Білім беру деңгейлері мен күнделікті көп қолданылатын ақпараттық жүйлер:

  1. «EGOV» (электрондық үкімет порталы), «АРМ» ұлттық платформалар (автоматтандырылған мемлекеттік қызметтер).

Мектепке 1 сыныпқа қабылдау, колледжге өтініш беру, педагог санатына өтінім беру сияқты мемлекеттік қызметтер онлайн форматта жүзеге асады. Сондай-ақ 45 тен астам білім саласындағы мемлекеттік қызметтердің барлығы: «eGov.kz» (электрондық үкімет порталы), «eGov mobile» (мобильді қосымша), «E-license.kz», «E-otinish.kz» сияқты платформалар арқылы автоматтандырылып, қолжетімді болып отыр.

  1. Ұлттық білім беру деректер базасы (НОБД)

 Барлық білім беру ұйымдарының, оқушылардың, педагогтердің, білім беру бағдарламаларының деректері енгізілген. Мұғалімдерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, жүктемені бекіту процестері автоматтандырылған. Облыс бойынша 100% білім ұйымдары осы базаға қосылған (балабақша, мектеп, колледж, қосымша білім беру ұйымдары, арнайы мектептер, балалар үйлері және т.б.).

  1. «Ұстаз» ұлттық платформасы

Мұғалімдердің аттестаттаудан өтуін, үздіксіз кәсіби дамуын цифрландыруға бағытталған. Педагог өз жеке кабинетінде біліктілігін арттыру, портфолио енгізу, бағалау нәтижелерін қадағалау мүмкіндігіне ие.

  1. «Bilimland.kz» IT-платформасы

Облыстағы барлық жалпы білім беретін мектептерде «Bilimland.kz» экожүйесі аясында «BilimKlass» электронды журнал жүйесі енгізілген, 10 жылға қол қойылған мемлекеттік-жекешелік әріптестік келісім шарты негізінде, тегін қызмет көрсетілуде). Бұл мұғалімдер мен ата-аналарға оқушылардың үлгерімі мен қатысуын онлайн режимде қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ онлайн сабақтар, бейнематериалдар мен интерактив тапсырмалар қоры пайдаланылады. Облыстың білім саласында әр деңгейінде төмендегі ақпараттық жүйлермен жұмыс жүргізілуде:

Балабақшаларда «Tolem» ЖШС-нің Face ID электронды табелдеу құрылғылары, balabaksha.snation.kz eGov.kz электрондық үкімет порталынан түскен ата-аналардың өтінімдерін өз микроучаскелері бойынша кезекке қою, жолдама беру қызметін жүзеге асырады, мектептерде «Bilimland.kz», «Bilimclass.kz», «OnlineMektep», «iTest», «Twig», «mektep.snation.kz», «es.edu.kz» қызметтері пайдаланылып келеді.

Оқушылардың ыстық тамағына бөлінетін қаражатты басқару білім беру ұйымдарын АБК-мен (ақпараттық бағдарламалық кешен) жарақтандыру арқылы жүзеге асырылуда: «Tolem», «Е-асхана», «Алақан», «Әлеуметтік әмиян», «Бизнес әмиян».

2025 жылғы жаңа оқу жылынан бастап облыстағы барлық мектептерде мемлекеттік жеңілдікпен берілетін ыстық тамақ қызметі тек «Әлеуметтік әмиян» және «Бизнес әмиян» арқылы жүзеге асырылады. Әлеуметтік әмиян – жеке тұлғаның «eGov Mobile» қосымшасына кіріктірілген электронды әмияны, ол цифрлық ваучерлерді есепке алуға және сақтауға, сондай-ақ оларды басқаруға арналған. Мысалы, мектептерде ыстық тамақпен қамтамасыз ету қызметі бойынша әлеуметтік әмиян ата-аналарға бұл қызметті проактивті түрде алуға, балалардың мектеп асханасына баруын бақылауға және жеңілдікпен тамақтануға арналған цифрлық ваучерлерді пайдалануға мүмкіндік береді. «Бизнес әмиян» турникеттер қойылмайтын ауылдық мектептерде QR код арқылы сканерлеп есеп жүргізу. 

Колледждерде «college.snation.kz», «es.edu.kz», кадрлық жүйелерде «jumys.snation.kz», «Ustaz.orleu-edu.kz», «Enbek.kz», «Hr.nobd.edu.kz», қаржыландыруда: «Favorit.kz», Онлайн бюджеттік мониторинг ішкі аудит департаментімен бірлескен жұмыс жүргізіледі.

Мемлекет басшысының тапсырмалары аясында цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін Қазақстандағы ең озық IT-платформа өкілдерімен кездесу өткізіліп, 5 бағыт бойынша платформалар пилоттық режимде тестіленуде. Пилоттық жобалар ағымдағы оқу жылының І жартыжылдығында бір рет қорытындыланып, тиімділігі айқындалады.

Осы себепті білім саласындағы цифрлық трансформацияны тиімді жүзеге асыру үшін IT-платформаларға қойылатын талаптар жүйелі әрі нақты болуы қажет:

  1. «Цифрлық Қазақстан» стратегиясымен сәйкестік.
  2. ҚР заңнамасына сәйкестік және еліміздегі локализация.
  3. ҚР мемлекеттік стандарттарына сәйкестік және инклюзивті мүмкіндіктері болуы тиіс.
  4. Ұлттық білім платформаларымен интеграциялануы.
  5. Деректерді қорғау және киберқауіпсіздік.
  6. Масштабталу және тұрақтылық.
  7. Қарапайым әрі ыңғайлы интерфейс.
  8. Мониторинг пен нақты уақыттағы аналитикалық есептер ұсынылуы.
  9. Мұғалімдердің кәсіби дамуына арналған құралдар.

Мемлекет басшысы білім беру саласындағы жасанды интеллектіні кеңінен қолдануға назар аударып, IT технологияны дамытуды атап өтті. Осыған орай, Оңтүстік Кореямен келіссөз жүргізіліп, нәтижесінде Түркістан қаласында IT мамандарын дайындайтын «Woosong Kazakhstan» универсеті ашылды. Университет жалпы 2 мың студент қабылдауға мүмкіндігі бар. Әкімдік тарапынан 100 грант бөлінді. Бүгінгі таңда, оқу процесі басталып, 108 студент білім алуда. Бұдан бөлек, университетке Оңтүстік Кореядан 70 студент тәлім алуға келді. Алдағы уақытта, университет облыс жастарының өзге қалаларға білім алу үшін қоныс аудармай, өз өңірімізде қалуына үлкен септігін тигізетін болады. «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында Түркістан облысы бойынша медициналық ұйымдар толығымен компьютерлік техникамен қамтамтылды. Мемлекеттік және жекеменшік медициналық ұйымдар бірыңғай «Дамумед» медициналық ақпараттық жүйесіне және облыстық жедел медициналық жәрдем стансасы «Көмек» ақпараттық жүйесімен жұмыс жасауда. «Дамумед» және «Көмек» ақпараттық жүйесі арасында және науқастарға сапалы әрі жедел медициналық қызмет көрсету мақсатында интеграциялау жұмыстары жүргізілген.

Сонымен қатар Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен және «егов» порталымен де интеграцияланған.

Дәрігерлер және орта буынды дәрігерлер медициналық ақпараттық жүйесімен жұмыс істеуге толығымен оқытылған.

Сонымен бірге, облыс тұрғындары түгелімен электронды паспорты қамтылған. Дәрігердің қабылдауына алдын ала жазылу, дәрігерді үйге шақыру және медициналық анықтамаларды алу қызметтері электронды түрде атқарылады.

Медициналық ұйымдар ішінара қағазсыз құжат айналымына көшірілді.

Әр емханада науқастарға цифрлық көмек көрсету посттары және өзіне-өзі қызмет көрсету бұрыштары орнатылып, электронды түрде қызметтер алуда.

Қашықтықтан және консультатциялық қызметтер көрсету негізінде аудан және қала орталықтарындағы медициналық ұйымдарда телемедицина жүйесімен қамтылған.

Сонымен қатар денсаулық сақтау саласына жасанды интеллект жүйесін енгізу бойінша бір қатар жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда:

«Жасанды интеллектіні қолдану арқылы радиологиялық зерттеулерді орталықтандыру» жобасы іске асыру арқылы «PACS»-жүйесін енгізе отырып медициналық бейнелерді, сондай-ақ олармен байланысты деректерді сақтауға, басқаруға, беруге және көрсетуге арналған кешен;

Медициналық шақыртуларға арналған дауыстық роботтар;

«Сerebra» – ми инсультін автоматтандырылған диагностикалауға арналған бағдарламалық жүйесін енгізу.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You