Түркістан: Қос елдің кітапханасы әріптестік байланысты нығайтпақ

Түркия Республикасы Президенті әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапхана директоры Айхан Туғлу мен аталмыш кітапхана директорының орынбасары Мете Устабулут Түркістандағы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетіне келіп, қонақ болды. Мәртебелі меймандар кітапхананың конференция залында университет ұжымымен кездесті. Кездесу барысында кітапхана директоры Ақмеруерт Абсеметова университет кітапханасының тыныс-тіршілігімен таныстырып өтті.
Түркия Президенті әкімшілігі жанындағы ұлттық кітапхана директоры Айхан Туғлу ыстық ықыласпен қарсы алған ұжымға алғыс білдірді.
Құрметті қонақ Айхан Туғлу: «Қазақстан дегенде ойымызға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев түседі. Сондықтан Ахмет Ясауи кітапханасы шаңырағында сіздермен кездесіп отырғаныма қуаныштымын. Қазақстанды Тәуелсіздігінің 30 жылдығымен құттықтаймын. Қазақтар біз үшін бауыр, Атажұртымыз. Түркияның ең ірі кітапханасында Қазақстан бұрышы бар», — деді.
Қонақтар оқу ордамыздың лебіздер кітабына өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Жиын қорытындысы бойынша университет кітапханасы мен Түркия Президенті Әкімшілігі жанындағы Ұлттық кітапханасы арасындағы достық, әріптестік байланыстар нығаятын болады. Университет кітапханасының жетекшісі Ақмеруерт Абсеметова алдағы уақытта түркиялық әріптестермен жан-жақты ынтымақтастық аясында жұмыс істеуге дайын екенін білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

239 Comments

  1. Lorsque nous soupçonnons que notre femme ou notre mari a trahi le mariage, mais qu’il n’y a aucune preuve directe, ou que nous voulons nous inquiéter de la sécurité de nos enfants, surveiller leurs téléphones portables est également une bonne solution, vous permettant généralement d’obtenir des informations plus importantes..

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.