«WORLDSKILLS TURKІSTAN — 2022» ЧЕМПИОНАТЫ БАСТАЛДЫ

Бүгін Түркістан қаласындағы «Ақжайық» музыка мектебінде облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасының ұйымдастыруымен «WORLDSKILLS TURKІSTAN — 2022» облыстық чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Аталған іс-шараны Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының басшысы Дінислам Болатханұлы құттықтау сөз сөйлеп ашып, чемпионатқа қатысушыларға сәттілік, ақжол тіледі.
Мұндағы басты мақсат — техникалық және кәсіптік орта білім беру ұйымдарының білім беру процессінде оқыту сапасын арттыру, білім алушылардың кәсіби деңгейін көтеру, студенттер мен педагог қызметкерлерін даярлау бойынша практикалық дағдылары мен іскерліктерін пысықтау, білім беру мен оқытудың заманауи технологиялары мен әдістерін қолдау.
Аталған чемпионат аясында студенттердің шығармашылық – инновациялық жобаларының көрмесі және студенттердің қолынан шыққан ауыл шаруашылығына қажетті техникалар тамашаланды.
Айта кетейік, чемпионатты 14 колледждің базасында 59 құзыреттілік бойынша өткізілу жоспарланып отыр. Оған 38 колледжден келетін 294 қатысушыға
284 сарапшы маман жетекшілік ететін болады.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. Monitor phone from anywhere and see what’s happening on target phone. You will be able to monitor and store call logs, messages, social activities , images , videos, whatsapp and more. Real-time monitoring of phones, No technical knowledge is required, no root is required.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.