«ЖҰЛДЫЗАЙ» XVII ГАЛА-КОНЦЕРТІ ӨТТІ

Балаларды қорғау күні мерекесінде Түркістан қаласында алғаш рет «Жұлдызай» инклюзивті балалар шығармашылығы фестивалі өтті. Ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған еліміздегі жалғыз инклюзивті балалар шығармашылығы әрі қайырымдылық фестивалінің гала-концертіне 200-ге жуық бала қатысты.Ерекше әрі өнерлі балаларға қолдау көрсетуге Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев арнайы қатысып, жас жұлдыздарды құттықтады.
«Конгресс холл» кешенінің сахнасында лауреаттар өзара және қазақстандық эстрада жұлдыздарымен жұптасып, шығармашылық нөмірлер ұйымдастырды. Гала-концертке Мәдина Сәдуақасова, Тамара Асар, C.Tay, Азат Әбілдаев, Әлинұр Хамзин, Рухия Байдукенова, Қарақат Башанова, «FM» тобы, «Hassak», Qali, «Бастау» тобы, Beibarys және Rise&Abudi сияқты эстрада жұлдыздары қатысты. 

Биыл 17-рет ұйымдастырылған «Жұлдызай» фестивалінің гала-концертінде ерекше күтімді қажет ететін балалар би билеп, ән шырқады. Бірегей жобаның басты серіктесі «BI GROUP» холдингі және демеуші ретінде Түркістан облысының әкімдігі, ҚР БҒМ, ҚРАҚДМ, Ұлттық Өнер Университеті, Ұлттық хореография академиясы, «Хабар» ТК, «Түркістан» ТК және т.б. серіктестердің қолдауымен өткізіліп келеді.

«ANYQ.KZ»-ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

2 Comments

  1. This can be annoying when your relationships are disrupted and her phone cannot be tracked. Now you can easily perform this activity with the help of a spy app. These monitoring applications are very effective and reliable and can determine whether your wife is cheating you.

  2. La mejor aplicación de control parental para proteger a sus hijos — monitoriza en secreto GPS, SMS, llamadas, WhatsApp, Facebook, ubicación. Puede monitorear de forma remota las actividades del teléfono móvil después de descargar e instalar apk en el teléfono de destino.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.