![]()
Шымкент қаласының Еңбекші ауданы, Жұлдыз тұрғын алабын инфрақұрылым жүйелерімен қамту жұмыстары жүргізілуде.
Электр жарығымен 92,1 % пайыз қамтылған. 2022 жылы Жаңақұрылыс аумағындағы 484 абонентті сапалы электр энергиясымен қамту жұмыстары атқарылуда.
Ауыз сумен 90,9 % пайыз қамтамасыз етілген. Жаңақұрылыс көшелеріндегі 484 абонентке ауыз су жүргізуге қаржы қаралып, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланды.
Табиғи газбен 90,9 % пайыз қамтылған. Жаңақұрылыс аумағын газбен қамтамасыз ету үшін ЖСҚ әзірлеуге қаржы бөлінді.
Елді мекенде 3 көше асфальттанған, 13 көшеге шағал тас төселген. Дегерес, Асубұлақ көшелері жарықтандырылды.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
