![]()
Қаратау аудандық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен «Профнавигация» жобасы аясында мектеп оқушыларына кәсіптік бағдарлау жұмысына, жастарды еңбек нарығының қажеттіліктерінен хабардар ету мақсатында экскурсия өтті.
Экскурсияның мақсаты – жастарды кәсіпкерлікке баулу және жастар арасындағы жұмыссыздықты төмендету, еңбек етуге құлшынысын арттыру.
Іс-шарада мектеп оқушыларына «НАЗАР ТЕКСТИЛЬ» фабрикасының жұмысы толықтай таныстырылды.
Экскурсияға Әл-Фараби академиялық мектебінің 9-10 сынып оқушылары қатысты.
«ANYQ.KZ-ақпарат»
