Шымкент: Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналған мәдени-ағарту форумы онлайн режимде өтті

 «Түркі әлемі: Абай Құнанбайұлының көзқарастары және ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамының жаңғыруы»  атты онлайн жүйеде халықаралық мәдени-ағарту форумы өтті. М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің қабырғасында ұйымдастырылған бұл шара ұлы ақын, ойшыл Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына арналып отыр.


Заман талабына сәйкес цифрлық жүйеде ұйымдастырылған мәдени-ағарту форумына еліміздің және шет елдің бірқатар өңірлерінен белгілі ғалымдар, мемлекет, қоғам және мәдениет қайраткерлері, ғылыми-зерттеу орталықтардың және институттардың басшылары қатысты. Айтулы шарада іргелі ғылыми баяндамалардың қатарын Семей қаласындағы «Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық-музейінің зерттеулері толықтырды.

Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай шығарылған жаңа  зерттеулерде осы шарада таныстырылды. Сонымен қатар ғалым, абайтанушы Мекемтас Мырзахметұлының «Абайдың толық адам ілімі» кітабының тұсауы кесілді. Алқалы жиында Семей қаласындағы Абай мұражайының жаңа жобалары таныстырылды. Сонымен қатар, форум соңында Шымкент қаласы және Түркістан облысының жалпы орта білім беретін мектептердің 9-11 сынып оқушылары, арнайы орта білімберу мекемелерінің І-ІІ курс студенттері және жоғары оқу орындарының І курс студенттері арасында өткізілген ғылыми-зерттеу және шығармашылық жобалардың ІІІ-ші байқауы қорытындыланды.

«ANYQ.KZ»-ақпарат.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.