АРЫСТЫҚТАР МЕКТЕПКЕ ЖОЛ АКЦИЯСЫНА БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСУДЫ

«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің және қала әкімдігінің ұйымдастыруымен 2022 жылы 20 тамыз күні қаламыздың Әл – Фараби алаңында «Мектепке жол» жәрмеңкесі өтілді. Жәрмеңкеде қала тұрғындары мектеп формасынан бастап оқуға қажетті құрал – жабдықтарды қол жетімді бағада сатып алуға қол жеткізді.

Игі іс шарада қаламыздың бірнеше жеке кәсіпкерлер мен азаматтар тарапынан аз қамтылған отбасылардың мектеп жасындағы 134 балаға 3 471 000 қаржыға демеушілік жасап мектеп формаларымен және оқу жабдықтарымен көмек көрсетілді.

Сонымен қатар бөлімге қарасты білім беру ұйымдарында Атаулы әлеуметтік көмек алатын (АСП) 1757 балаға қаржылай ата –аналарының есеп шотына аударылды.

Айтпақшы, осы акция аясында “Самұрық-Қазына” қоры бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар дайындаған болатын.

Осыған орай, “Самұрық-Қазына” қоры бірінші сынып оқушыларына арналған, оқуға қажетті құрал-жабдықтар салынған рюкзактар дайындаған болатын.

Осыған орай, Арыс қаласының «Ішкі саясат бөлімі»ММ-сі «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің қызметкерлері және ерікті жастармен бірлесіп, қаламыздағы аз қамтылған отбасындағы балаларға оқу құралдарын үйлестіру, табыстау жұмыстары жүргізілді.

Акцияның негізгі мақсаты — аз қамтылған және көп балалы отбасылардың оқушы балаларына кө­мек көрсету болып табылады.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.