АРЫС: Арыс ауданында «Әлеуметтік-психологиялық қызметтің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

31 қазан күні Арыс ауданындағы №1 Е. Молдабаев атындағы жалпы орта мектебінде, Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Білім беруді дамыту орталығы» КММ-сі «Әлеуметтік-психологиялық қызметтің өзекті мәселелері» тақырыбында облыстық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

Іс-шара білім алушылардың табысты әлеуметтенуін сақтау мен дамыту, микро және макроортаның әсерін ескере отырып, тұлғааралық байланыстардың толыққанды қалыптасуына және дамуына әсер ететін жағдайлармен қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылды.

Жиынға ЖОО ғалымдары, аудандық, қалалық білім бөлімдерінің әдіскерлері, директордың тәрбие жөніндегі орынбасарлары, сынып жетекшілер, педагог-психологтар, әлеуметтік педагогтар, дефектологтар, үкіметтік емес ұйымдар, Түркістан облысының өмірлік қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығы, ата-аналар комитетінің төрағалары қатысты.

Ғылыми-тәжірибелік конференцияда әлеуметтік-психологиялық қиыншылықтар мен бiлiм алушылардың мәселелерін шешу бойынша педагогикалық-психологиялық қолдау, сүйемелдеу және әлеуметтік-психологиялық мәселелерін шешуде тәрбие жұмыстарының қолайлы әдiстерi ұсынылып, талқыланды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.