АРЫС: «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты мерекелік іс-шара өтті

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Аққала жалпы орта білім беретін мектебі» КММ-де «Ұстаздар күнін» мерекелеуге байланысты Қ.Махатай 10-сынып оқушыларымен «Ұстазым, ұлағатым, үлгі-өнегем!» атты мерекелік іс-шара өтті.

Ұстаздық жолдың қызығы мен қиындығын, жас ұрпақ тәрбиелеудегі маңыздылығы мен жауапкершілігін жете түсінетін, әр ұрпақтың білімі мен білігі жолында аянбай еңбек ететін ұстаз деген ұлы есімнің орны ерекше. Сол себепті де, осындай айтулы күні мектеп оқушылары алғыс айтып, мерекелік көңіл күй сыйлау мақсатында толғанысқа толы тамаша кеш өткізді. Әуезді әнмен басталған мерекелік кеште, мектебіміздің белсенді жастары өз өнерлерін тарту етті. Мектеп ұстаздары кеш соңында жылы лебіздерін білдіріп, оқушыларға сәттілік тіледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.