«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты М. Әуезов атындағы жалпы орта мектеп гимназиясында «Білім дариясының кемеңгері М.Әуезов 125 жаста» тақырыбында семинар өтті. Семинарға қала мектептерінің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары, қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдері, тарих пән мұғалімдері, бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Семинар мақсаты оқушылардың Мұхтар Әуезов туралы білімдерін тереңдету, дамыту, өз бетімен ізденіс үрдісін, адамгершілік дағдыларын қалыптастыруға
оқушылардың жеке зерделілік, танымдық, еріктілік ерекшеліктерін ұштауға баүытталды.