Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасы, Арыс қаласы адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «Б. Онтаев» атындағы орта мектебінде мұғалімдер күніне орай 2022 жылдың 4 қазан күні «ДУБЛЕР КҮНІ», яғни білім алушылардың «Өзін-өзі басқару»күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты — мектептегі » Өзін-өзі басқару»жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
«ДУБЛЕР КҮНІН» өткізу мақсатында мектепте Парламент Президенті Бекбола Асылай және Фракция мүшелерінен бастамашыл топ құрылып, еңбек бөлінісі жасалды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
«Дублер күнін»Парламент Президенті, Фракция мүшелері мен жоғары сынып оқушылары атқарды.
Thanks for sharing your thoughts about website. Regards