Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі ММ-не қарасты «М. Мәметова» атындағы жалпы орта білім беретін мектебі КММ-де 2022 жылдың 4 қазан күні «Дублер күні» білім алушылардың өзін — өзі басқару күні талапқа сай өткізілді.
«Дублер күнін» өткізуде: өзін — өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру көзделді.
«Дублер күнінің» міндеттеріне сәйкес, білім алушыларды белсенді қоғамдық өмірге және мектепті басқаруға тарту; қоғамдық іс — шараларды ұйымдастыру және өткізу тәжірибесін қалыптастыру; шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік қарым — қатынас дағдыларын дамыту; жауапкершілік сезімін, бір-біріне дұрыс қарым — қатынасты, өзара қарым — қатынастың іскерлік стилін тәрбиелеу барысы талап — тұрғысына сай ұйымдастырылып жүргізілді.