АРЫС: «Жиделі жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде «Құқықбұзушылықтың алдын — алу, ата- ананың алдында баланың парызы мен міндеті туралы» 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.

Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Жиделі жалпы орта білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 2022 жылы 06 қазан күні «Құқықбұзушылықтың алдын — алу, ата- ананың алдында баланың парызы мен міндеті туралы» ақпараттық — түсіндірме жұмысын жүргізуге қала әкімінің кеңесшісі Сапарымбетова Гүлнар Бектайқызы арнайы келіп 9-10-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізді. Баланың ата анасына деген құрметі, борышы туралы, кішіге қамқор болу, құқықбұзушылықтың алдын алу туралы, әдеп пен тәртіп туралы айтып түсіндірді. Оқушыларға жүрегіндегі жылы сөздерді шын ниетімен түсіндірген Гүлнәр апайға алғысымыз шексіз. Титтей болсада баланың санасына ой салатын кездесу Отансүйгіштікке,мейірімділікке,

адамгершілікке тәрбиеледі.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.