Түркістан обылысы адами әлеуетті дамыту басқармасы Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Ж.Ташенов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ұтаздар күніне орай 2022 жылдың 04 қазан күні «ДУБЛЕР КҮНІ», яғни білім алушылардың өзін-өзі басқару күні өтті.
Дублер күнінің мақсаты — мектептегі өзін-өзі басқару жұмысын жандандыру, тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін ашу және білім алушылардың ұйымдастырушылық қабілеттерін іске асыру.
«ДУБЛЕР КҮНІН» өткізу мақсатында мектепте Парламент Президенті Аманова Гүлнұр бастаған 11 сынып оқушыларымен 10 сынып оқушылардан бастамашыл топ құрылды. Сонымен қатар жоспар бойынша алдын ала өзін-өзі басқару күнін өткізу ережесі, мақсаты мен міндеттері, өткізу форматы мен тәртібі айқындалды.
Мектеп әкімшілігі мен пән мұғалімдерінің рөлін мектеп Парламент Президенті, 11сыныппен 10 сынып оқушылары атқарды.