АРЫС: «МЕКТЕПКЕ ЖОЛ» АКЦИЯСЫ ҚАРҚЫН АЛҒАН

«Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты Б.Кенжебаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебі 2022 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында Балалар жылын іске асыру мақсатында «Мектепке жол–Шекарасыз жақсылық» ұранымен республикалық «Мектепке жол» акциясы аясында мектеп директоры Б.Баскарованың демеушілігімен жартылай жетім отбасының 2 оқушысына мектеп формасы, дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі Б.Тойлыбаевтың, информатика пәнінің мұғалімі Б.Смайылдың демеушілігімен көп балалы отбасыдан шыққан 2 оқушыға мектеп формасы, оқу құралдары берілді. «Мектепке жол» акциясы жалғасын табуда.

С.Ерубаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде де «Мектепке жол»акциясы негізінде жұмыстар жүргізілді.

«Мектепке жол» акциясы аясында демеушілері мен жеке кәсіпкерлері мектебіміздің көп балалы, аз қамтылған, жартылай жетім отбасыларынан шыққан оқушыға мектеп формасы,спорттық киім, сөмке, аяқ киім және сабаққа қажетті барлық оқу құралдарын әперді.

Оқушыларымызға қамқор болып жүргендеріңіз үшін сіздерге ата-аналар мен мектеп ұжымы атынан алғысымызды білдіреміз!

 

 

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.