АРЫС: «М. Мәметова» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде Ә. Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сырлы да сұлу —суреткер» атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді.

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөліміне» қарасты «М. Мәметова» атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде « Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында қазақ әдебиетінде елеулі орын алатын, белгілі қаламгер, халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың лауриаты Ә. Нұршайықовтың туғанына 100 жыл толуына орай «Сырлы да сұлу —суреткер» атты тақырыпта әдеби кеш өткізілді.

Мақсаты: Ә. Нұршайықовтың өмірі мен шығармашылығына тоқтала отырып, өмірі мен шығармашылық мұраларының өміршеңдігін ұғындыру. Оқушылардың көрке сөз шеберліктерін арттыру. Туған халқымыздың әдебиетін тереңірек тануға, оны сүюге, қадірлей білуге дағдыландыру. Кеште оқушылар Ә. Нұршайықовтың әдебиет әлемінде мәңгілік тақырыпқа айналған « Махаббат қызық мол жылдар» романын кеңінен талқылап өз ойларын ортаға салды

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.