АРЫС: СЕН ТУҒАН ҚАЗАҚСТАНЫҢДЫ БІЛЕСІҢ БЕ?

Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқарамасының «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «М. Әуезов» атындағы жалпы орта мектеп гимназиясында 2022 жылдың 4 қазан күні «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында өткен »

Сен туған Қазақстаныңды білесің бе?» атты байқау ұйымдастырылды.

Байқаудың басты мақсаты — жасөспірімдердің оқу-сауаттылығын арттыру,

өз елінің, туған жерінің тарихын, географиясын, экономикасын білуге үйрету, кітапты көп оқуға дағдыландыру. Сайыс 6-7 сынып оқушыларынан құралған топтар арасында өтілді.

Шараға қатысқан топтар арасынан «Қыран» тобы жеңіске жетіп, марапатталды. Байқау жеңімпаздары «Туған елің Қазақстанды білесің бе?» атты байқаудың аудандық кезеңіне жолдама алды.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.