АРЫС: «ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ БАСТЫ МІНДЕТ» ТҮСІНДІРМЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖҮРУДЕ

Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «С.Қожанов» атындағы жалпы білім беру мекемесінде, мектептің тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Айдаров, АПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ полиция лейтенанты Н.Әбжан және «Әлеуметтік психологиялық сүйемелдеу қызметі» секторының меңгерушісі Ж.Абылова мен «Жастар ресурстық орталығы»КММ-нің «Жастарға қызмет көрсету және NEET санатындағы жастармен жұмыс жүргізу» бөлімшесінің басшысы К.Төрехан жоғарғы 8-9-10 сынып оқушыларына құқықбұзушылық, нашақорлық, ерте жүктілік,  аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын-алу  әлімжеттіктің, зорлық -зомбылықтың алдын алу мақсатында түсіндірме жұмыстарын жүргізді.

Маман қазіргі таңда қоғамда аутодеструктивті мінез-құлықтың көптеген түрлері таралып жатқанына баса мән беріп тоқталды.  Сондықтан оны түзету жолдары ғана емес, алдын-алу шаралары да маңызды роль атқарады. Аутодеструктивті мінез-құлыққа шалдығуға әсіресе жасөспірімдер көбірек бейім, себебі жас ерекшелік өзгерістер болып жатады – эмоцияналдық тұрақсыздық, әлеуметтік жағдайлардың күрт өзгеруі (олардан өзбеттілікті, жауапкершілікті талап ете бастайды), өмірлік тәжірибенің аздығы, «ақ пен қараны» ажырата алмау, сонымен қатар жағымсыз экологиялық, экономикалық, әлеуметтік факторлардың әсері. Сондықтан аутодеструктивті мінез-құлықтың психологиялық алдын-алу шараларының жасөспірімдер маңызы зор. Психологиялық түзетуде және алдын-алу шараларында екі базалық бағытты бөліп көрсетуге болады – проблемалық-бағыттылық және дербес-бағыттылық. Бірінші күрделі жағдайды немесе мәселені шешуге бағытталса, екіншісінде – адамның тұлғалық көріністеріне, өзіне және өзінің мінез-құлқына деген көзқарастарына көңіл бөлінеді.

Жасөспірімнің күйзеліске душар болып жүргенін мынандай әрекеттерден де анық аңғаруға болады:

  • Баланың мінез-құлқы өзгереді, тұйық бола бастайды, әңгімеден қашады, өте енжар, селқостық байқалады.
  • Мектепке бармаудың барлық амал-шарасын ойлап табады: «басым, ішім ауырып тұр, құсқым келеді» деген сияқты сылтауларды көбейеді.
  • Мектепте болған жағдайлардан бас тартады, сабаққа барғысы келмей, әдейі ұйықтап қалады.
  • Әдеттегіден гөрі ақшаны жиі сұрай бастайды, сылтауы көбейеді, тіпті ата-анасының қалтасына түседі. Демек, ол қаржыны мектепте «мазасын алып жатқандарға» тасиды.
  • Кейбіреулері тіпті тұйықталып кетеді, ешкіммен сөйлеспейді, ал екіншілері өте ашуланшақ бола бастайды.
  • Оқу үлгерімі нашарлайды, зейінсіз болады.

Іс-шараның мақсаты-жастар мен жасөспірімдер арасында құқықбұзушылықтың, нашақорлықтың ертежүктілік пен аутодеструктивті мінез-құлықтың алдын алу, зорлық-зомбылық туралы мағлұмат беру, әлімжеттіктің алдын алу болып табылады.

-Іс-шара барысында — құқықбұзушылықтың алдын алу және болдырмау, зорлық-зомбылық, тұлғаның жеке өміріне қол сұғушылық, азаматтардың құқығын бұзатын бір адамның екінші адамға тәндік немесе психикалық ықпал етуі екендігі, және басқа да тұрғыдағы заңға қайшы әрекеттерді байқаған немесе осы жағдайларды бастан кешіп жатқан тұлғалар болса, құқық қорғау органдары тарапынан берілетін заңдық көмектерге жүгіне алатындығы жайлы айтылып, түсіндірілді.

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.