АРЫС: «С.Қожанов» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты акцияға жалпы білім саласындағы ұстаздар бүгінгі күні өз үлестерін қосты.

Түркістан облысы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі, Түркістан облысы адами әлеуеттік дамыту басқармасының 08.09.2022 жылғы 27-06-08/4465 шығыс хатына сәйкес «Оқуға құштар мектеп» жобасы аясында «Кітапханаға кітап сыйла!» атты тақырыбында қайырымдылық акциясын хабарлаған болатын. «С.Қожанов» атындағы жалпы орта білім беретін мектеп кітапханасында атаулы акцияға жалпы білім саласындағы ұстаздар бүгінгі күні өз үлестерін қосты. Мектебіміздің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары О.Айдаров Т.Әлжігіттің «Ақиқатты іздеу» атты бірнеше кітабын және мектебіміздің еңбек пәнінің ұстазы Ғ.Ақжолова «Бейсен және болмыс»,» Балалықтан даналыққа, Қисса сүл-әнбия, Есоdophy немесе киелі табиғат атты бірнеше кітаптарды сыйға тартты. Ұстаздарымызға үлкен алғысымызды білдіреміз. Ұйымдастырушылар мектеп кітапханашылары А.Кошаханова және Н .Жолдасбекова.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.