Түркістан облысы, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөліміне қарасты «С.Адамбеков атындағы жалпы орта білім беретін мектебі»КММ-де
«Темір жол — қауіпті аймақ!» акциясы аясында теміржол полиция қызметкерлері 8 — 9 сынып оқушыларымен кездесу өткізді.
Кездесу барысында темір жол бойындағы қауіпсіздік ережелерді қатаң сақтау қажеттілігі бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.