АРЫС: Түркістан облысы, Арыс қаласы, Мектебіміздің бастауыш сынып мұғалімі Көшербай Гүлсім Ұстаздарға жеке қылқаламынан құттықтау білдірді.

1.Ұлағатты ұстаздар асыл жандар!

Сіздер жайлы жыр жазған ғасырлар бар.

Бүгін сенің Ұлы Ұстаз төл мерекең,

Сенен шыққан ойлылар, ақылдылар.

2.Тербеп қалам бесігіне баланы,

Шәкірт жасап шығардың ұстаз саналы.

Бүгін сенің төл мерекең Ұлы Ұстаз,

Шаттан ұстаз, әнге бөле даланы.

3.Ұстаз-Әке, ұстаз-Ана, ұстаз-Қыз!

Ұстаз үшін мереке ғой әрбір күз.

Шахановтың шаңырағында тағы той,

Осы күннің куәгері сіз бен біз!

4.Келген бүгін қуаныш құтты болсын күзбенен,

Қолың жетсін ұстаздар, мақсатыңа іздеген.

Әр шәкірттің жолына сарп қылған біліммен,

Абыройлы зейнет көр, баба салған ізбенен.

5.Ұстаз жайлы жыр жазған ақындар көп ақиық,

Сіздер жүрсіз шәкірттің санасына нұр құйып.

Қаламымды тербетіп жыр арнатқан өзіне,

Ұлы Ұстаз баршаңа тағзым етем бас иіп!

Ізгі ниетпен: Көшербай Гүлсім Болысқызы

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.