АРЫС ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМІ МЕКТЕПКЕ БАРДЫ

Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «№11Б. Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған

1 қыркүйек — Білім күніне орай «Терең білім , еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында бірыңғай Білім сабақтары өткізілді.

Мақсаты: оқушылар бойына білімге ұмтылушылық, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарды дарыту, адам өміріндегі білім мен еңбектің рөлін, маңыздылығын талқылау;

Міндеттері: аталған құндылықтар бойынша ақпарат беру, Отанға деген құрмет және азаматтық сананы дарыту, жаңа оқу жылына жағымды көңіл -күй қалыптасту;

Аталған іс-шараға Арыс қаласы әкімі Құрманбекова Гүлжан Мамытқызы, «Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Момбеков Әшімхан Тілеуханұлы, Ата-аналар комитетінің төрайымы Әбдиева Қалдыкүл Жарқынбекқызы қатысып, оқушыларға білім мен еңбектің адам өмірінде маңыздылығы туралы кеңінен түсінік беріп өтті.

 

Дәл сондай тақырыптағы шара, Арыс қаласының адами әлеуетті дамыту бөлімі мемлекеттік мекемесіне қарасты «Б.Онтаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде» өтті.

Мақсаты: оқушылар бойына білімге ұмтылушылық, отаншылдық, еңбексүйгіштік құндылықтарды дарыту, адам өміріндегі білім мен еңбектің рөлін, маңыздылығын талқылау; Салтанатты жиынға Арыс қаласы кәсіпкерлер палатасының төрағасы және мектебіміздің қамқоршылық кеңесінің төрағасы Маханбет Төлебеков, Монтайтас ауылдық округ әкімі Ербол Ахметов, ата-аналар комитетінің төрағасы Нұралы Нұрымбет «Қамқоршылық» кеңесінің мүшесі, жеке кәсіпкер Жауынбаев Ақылхан ағаларымыз оқушылар мен ата-аналарға ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдіре отырып, алғашқы білім күніне арналған “Терең білім, еңбекқорлық және отаншылдық қасиет” атты тақырыпта өтілген алғашқы қоңырау салтанатты мерекесіне қатысып,соңынан сыныптарда өтілген бірыңғай тәрбие сабақтарына қатысты оқушыларды жаңа оқу жылымен құттықтады.

 

М.Шаханов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде де 2022-2023 оқу жылының басталуына арналған»Терең білім ,еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

Мектеп директоры Д. Абилова жаңа оқу жылының басталуымен құттықтады.

Салтанатты жиынға Ауыл әкімі Ж.Мейірбеков қатысып құттықтау білдірді.

Ауыл ардагерлер кеңесінің төрағасы Сах Жасан, ауыл төбебиі С Есімханов ізгі тілектерімен құттықтау баталарын берді.

1 сыныпқа биылғы оқу жылында 63 оқушы мектеп табалдырығын аттап, құттықтау өлең-шумақтарын арнады.Алғашқы қоңырауды 1 сынып оқушылары Анарбай Шұғыла мен Серік Еркін сыңғырлатты.

«№1 Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп интернатында да  «Терең білім , еңбекқорлық және отаншылдық қасиет» тақырыбында салтанатты жиын өткізілді.

Салтанатты жиынға Арыс қаласының мәслихат хатшысы А.Байтанаев , Арыс қаласының депутаты Е.Медетбеков мырза,Қамқоршылық комитетінің төрайымы Ғ.Сейткулова қатысып, оқушылар мен ата-аналарға ізгі тілектері мен ыстық ықыластарын білдірді.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован.