Түркістан облысы адами әлеуетті дамыту басқармасының «Арыс қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «Арыс жалпы орта білім беретін мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде 9″А» сынып оқушылар арасында «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік қолдау жоспарына сәйкес «Қартың болса жазып қойған хатпен тең» тақырыбында ардагер ұстаздармен дөңгелек үстел өткізілді.
Мақсаты: Оқушылардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерінсіңіру, үлкенді сыйлап, тыңдай білуге, ата-бабасын ұмытпай есте сақтау үшін және салт-дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылық пен мейірімділікке, жақсы мен жаманды ажырата білуге, аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Дөгелек үстелге мектебіміздің ардагер ұстаздары Игілікова Дәнегүл, Қолдасова Нүрила, Сейтқұлова Ұлбосын, Нарбекова Жұпар, Акимова Бибіраба, Акимова Ақкүміс апайлар келіп, оқушылармен пікір алмасып, оқушылардың сұрақтарына жауап беріп, өмірден алған тәжірибелерімен бөлісті.
Ардагер ұстаздардың әрбір айтқан өнегелі сөзі, тағылымды іс әрекеті, мектептің өсіп-өркендеуіне қосқан өлшеусіз еңбектері оқушыларға рухани азық болды.
Everyone loves it when individuals come together and share ideas.
Great blog, continue the good work!