Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасының «Арыс қалалық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесіне қарасты «№1Е.Молдабаев атындағы жалпы орта мектеп интернаты КММ-де ДТІЖО М.Бимурзаев және Арыс АПБ ЖПҚ КТІЖ УПИ капитаны Б.Раевтың қатысуымен құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте ұлдар жиналысы өткізілді. Жиналыс барысында оқушыларға жасөспірімдер арасында зорлық-зомбылық пен күш көрсетудің алдын алу, біреудің мүлкіне қасақана зиян тигізбеу, түнгі сағат 22-00-ден кейін жалғыз жүрмеу, жолда жүру ережелері мен қауіпсіздік ережелерін айтып, түсіндірме жұмыстары жүргізілді.